Мұсалы Ләйла Жұматайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. ҚазМҰУ-дың филология факультетін 1993 жылы «қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, филолог» мамандығы бойынша бітірген соң, осы университет аспирантурасына қабылданды. Жас ғалымдарға арналған Абай атындағы стипендияның иегері болды. 1996 жылы ҚазҰУ-дің әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасына ассистент ретінде қабылданып, осы ұжымда оның оқытушылық және ғылыми-ізденушілік жолы басталды. 2001 жылы аға оқытушы ғылыми атағын алды. 2004 жылы «10.01.08 - әдебиет теориясы» мамандығы бойынша «Символ және оның көркемдік қызметі (М. Жұмабай және Б. Күлей поэзиясы негізінде)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2004 жылы М.Әуезов қоры ұйымдастырған әдеби конкурста ғылыми эссе жанры бойынша арнайы сыйлықпен марапатталды. 2006 жылы Л.Мұсалыға ҚР БҒМ Жоғары аттестациялық кеңесінің шешімімен «әдебиеттану доценті» ғылыми атағы берілді. Л.Ж. Мұсалының 50 шақты ғылыми-әдістемелік мақалалары жарияланған, ол бірнеше ғылыми жинақтардың құрастырушысы, оқу құралы мен әдістемелік құралдың авторы: «Аудармашының кәсіби машығы» (2007), « Поэзиядағы символ-берне және оқыту мәселелері» (2009), «Көркем тәржіма тәжірибесі бойынша практикум» (2010) т.б. Зерттеу бағыттары: жазушының шығармашылық лабороториясы; әдебиет теориясы және мәтінтану; символ поэтикасы; көркем аударма теориясы мен әдістемесі. Л.Ж. Мұсалы филология және аударматану салаларындағы республикалық, халықаралық семинарларға, ғылыми-әдістемелік конференцияларға үзбей қатысады. Л.Ж. Мұсалы кафедрадағы «Көкжиек» ғылыми шығармашылық және «Tarzhiman.club» жас аудармашылар ұйымының ғылыми жетекшісі ретінде студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында жемісті еңбек етіп келеді. 2011жылы педагогикалық-тәрбиелік қызметі үшін университет ректорының және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректордың құрмет грамотасына ие болды. Л. Мұсалы 2011 жылдан бері аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, кафедра жұмысына белсене араласып келеді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
2 -ші жоғары
2018

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

1993

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
21.05.2004

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
26.02.2011
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0